Әлеуметтік инвестициялар
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушыларының әлеуметтік даму мен жергілікті инфрақұрылымға жұмсаған қаражаттары түрінде түсетін кірістер
Бұл ақпарат Қазақстанның 2005 жылы Өндіруші салалардың ашықтық бастамасына (ӨСАБ) қосылғанының арқасында пайда болды. Жыл сайын ӨСАБ аясында, деректері осы материалдың негізін құрайтын, ашық ұлттық баяндама жарияланады.

Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен.

Осы материалды дайындаған авторларының көзқарасы Сорос-Қазақстан қорының пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Сонымен
Қазақстанда әлеуметтік инвестициялар қалай қалыптасады?
Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың төлейтін әлеуметтік инвестициялар концепциясына төлемдердің ұқсас екі түрі кіреді:

1 1) Жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық келісімшарттар және өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері,

2) сондай-ақ жергілікті әкімшіліктермен келісілген, облыстың әлеуметтік дамуына және жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған қосымша шығындар түріндегі, келісімшарттан тыс төлемдер.
Бұл ретте, әлеуметтік инвестициялар екі жолмен қалыптасады
206114 «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттары» деп аталатын арнайы облыстық бюджеттік кодқа ақша аудару арқылы. Бұл жағдайда аталған қаражат арнайы мақсаттарға емес, жергілікті бюджет бағдарламаларына ғана жұмсалады.

тікелей құрылыс мердігерлеріне ақша аудару және т.б. немесе коммерциялық емес қорларға ақша аудару арқылы. Осы шығындардың бір бөлігі мемлекетпен шарттық қатынастар аясында төленетін міндетті төлемдер ретінде, ал басқа бөлігі келісімшарттарға қосымша ретінде жүзеге асырылады. Бірақ екі жағдайда да - бұл жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті әкімшіліктермен келісімі бойынша, жасалған меморандумдарының шеңберіндегі мақсатты шығындары болып табылады
Әкімшіліктермен меморандумдар бекіткенде, әдетте мектеп, спорттық объектілер, жолдар, су құбырлары, емханаларды құрал жабдықпен қамтамасыз ету, қоғамдық шараларды қаржыландыру, мысалы үшін, мейрамдарды, спорттық шараларды ұйымдастыру және т.б. сынды қоғамдық нысаналарды салу немесе жөндеуге жұмсалатын шығындар үйлестіріледі

Сонымен қатар, 2012 жылдан бастап, барлық жер қойнауын пайдаланушылар әлеуметтік инвестицияларды өздерінің шарттық міндеттемелері шеңберінде 206114 «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттары» деп аталатын арнайы облыстық бюджеттік кодқа ғана аударулары тиіс. Дегенмен 2016 жылдың Ұлттық есеп мәліметтері негізінде, Қазақстан Республикасында әлеуметтік инвестициялардың 206114 облыстық бюджет кодына толық мөлшерде түспейтіні, олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қатынастардың аясында, яғни әкімшіліктермен тікелей жасалған меморандумдар шеңберінде жасалатыны, немесе коммерциялық емес қорларға тікелей аударылатыны белгілі болды.

1
Облыстық бюджетке 206114 «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттары» деп аталатын арнайы код аясында түсетін түсімдер
2016 жылы Қазақстан жергілікті бюджеттерге 206114 «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттары» деп аталатын арнайы код аясында 12 708 314 мың теңге өндіріп алған, бұл сома жер қойнау пайдаланушылардан бюджетке түсетін барлық кірістердің 0,5% -ын құрайды. Олардың ішінде аталмыш бюджеттік кодына мұнай компанияларынан 4 841 690 мың теңге, тау-кен кәсіпорындарынан 7 866 624 мың теңге түсті.
Төменде 206114 «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттары» деп аталатын арнайы коды бойынша төленген әлеуметтік инвестициялар мөлшерлері динамикада көрсетілген:
2012 жылы 206114 «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттары» кодына 8 919 153 теңге, 2013 жылы 4 409 207 мың теңге, 2014 жылы - 2 478 107 мың теңге. , 2015 жылы - 9 200,718 мың теңге, 2016 жылы - 12 708 314 мың теңге түскен.

2
Бюджеттен тыс қатынастардың аясында, әлеуметтік объектілерді салатын мердігерлерге тікелей немесе коммерциялық емес қорларға аудару арқылы жасалған әлеуметтік инвестициялар
Бюджет кодының кірістерін салыстырғанда, бюджеттен тыс жасалған меморандумдар шеңберінде Қазақстан әлеуметтік инвестициялардың айтарлықтай көп мөлшерін, атап айтқанда 6 370 714 418 мың теңге өндіріп алғаны белгілі болды. Оның 37 615 702 мың теңгесі объектілерді салу кезінде қызметтерді жеткізушілерге тікелей аудару арқылы, және 6,339,098,716 мың теңге сомасы мемлекеттік балансына аудару арқылы жасалған.

Сонымен бірге, деректерді салыстыруға қатысқан жер қойнауын пайдаланушылардың (мұнай-газ компанияларына әрқайсысы бойынша салық аударымдар мөлшері 1 млрд. теңгеден астам соманы, тау-кен өндірушілеріне- 100 млн. теңгеден астам соманы құрады) мәліметтеріне сәйкес , іс жүзінде 39,114,335 мың теңге аударылып, нысандардың балансына 8 569 763 мың теңге аударылғаны белгілі болды. Барлық деректер қабылдау-тапсыру актілерімен және төлем тапсырмаларымен расталады.

Осылайша, Қазақстан жергілікті атқарушы органдар жариялаған мөлшерден әлдеқайда көп әлеуметтік инвестицияларға ие болды.
Маңғыстау
Tilda Publishing
Әлеуметтік инвестициялардың ашықтығы
Кирилл Осин, ЭкоМаңғыстау қоғамдық ұйымының директоры
«Қазіргі таңда, халық тікелей қатысатын, немесе халықтың өкілдері болып табылатын азаматтық белсенділер немесе үкіметтік емес ұйымдар қатысатын көпжақты өзара әрекеттестік моделі, әсіресе көпжақты кеңестер әлеуметтік қажеттіліктерді, сондай-ақ инфрақұрылымдық, әлеуметтік жобалардың басымдықтарын анықтай алатын аса тиімді және ең жақсы тәжірибелердің бірі деп санаймын.
Бүгінде өңірлерде атқарушы органдар өз жұмысын атқару үшін қажетті ақпаратты, даму жоспарларын және әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты мақсаттары мен міндеттерін негізге алады.
Жергілікті атқарушы органдар өңірде қандай ауру-дерттер бар, мектеп оқушылардың саны, мектеп жасына дейінгі балалардың саны қандай сынды ауқымды статистикалық ақпарартқа ие, сондықтан да олар болашақта, мысалы 3 жылдан кейін өңірдегі жағдайдың қандай болатынын болжай алады, яғни мектепке дейінгі жастағы балаларға қанша балабақша немесе мектеп қажет болатындығы жайында болжамдар жасай алады. Осындай ақпараттың барлығы мемлекеттік органдарда жинақталады.

Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері өткізіледі, осындай жиындардың барысында әлеуметтік дамыту сұрақтары бойынша жұртшылық белгілі бір деңгейде өз тілектерін білдіре алады. Өкінішке орай статистикалық ақпарат әрқашан нақты бола бермегендіктен, аталмыш көпжақты өзара әрекеттестік моделі әрдайым тиімді түрде жүзеге асады, және де әлеуметтік жобаларға байланысты шешімдер әрқашан дұрыс қабылданады деп айта алмаймын...»
Маңғыстау
Индира Құрман, Маңғыстау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары
Tilda Publishing
Әлеуметтік инвестициялардың ашықтығы
Әлеуметтік және инвестициялық жобаларға қажеттіліктерді бағалау қалай жүзеге асады, бұл процеске жұртшылық қатысады ма?

«- әрине, процесске халық ең басынан, нақты бір аумақты дамыту бағдарламасы дайындалып жатқан кезден бастап қатысады. Қоғамдық тыңдаулар, жиындар өтіп, олардың барысында әрбір әкімшілік бірліктің немесе елді мекеннің әкімі тұрғындарды жинап, өзекті мәселелерді анықтап, дамудың басым бағыттарын белгілейді, соның ішінде қандай объектілерді жаңадан құру керек екендігін талқылайды.»
Маңғыстау
Tilda Publishing
Әлеуметтік инвестициялардың ашықтығы
Ляззат Досметова,
«
Қолдау-Қазақстан» жеке мекемесінің директоры
«Ең алдымен, адамдардың пікірін сұрау керек деп ойлаймын. Халықтың ой-пікірін сұхбат алу, әлеуметтік зерттеулер немесе әңгіме құру арқылы білуге болады.
Мәселен, нақты өңірде, ықшам ауданда, әлде бір ауылда балабақша мен мектептің арасында таңдау жасау керек болған жағдайда, осы сұрақ бойынша сол елді мекен тұрғындарының пікірін білген жөн. Сауалдама жасап немесе әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы еі тиімді, жан-жақты ойластырылған шешімге келу керек. Сондықтан да, ең алдымен адамдармен жұмыс жүргізіп, олардың қажеттіліктерін анықтап алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісу керек».
Жалпы алғанда, 2016 жылы Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік инвестицияларынан 6 383 422 732 мың теңге алды.
Мемлекеттік бюджеттен тыс жер қойнауын пайдаланушылары қаржыландырған әлеуметтік инвестициялар түсімдері облыстар арасындағы үздік үштікке, басқа облыстарды басып-озып:
Маңғыстау обл. (6 332 489 883 мың теңге),
Атырау облысы (20 730 443 мың теңге)
Шығыс Қазақстан облысы. (5 965 887 мың теңге) кіреді.
Қазақстанның кен өндіруші секторы
2016 жыл
Жұмыспен қамту
ҚР Статистика комитетінің деректері бойынша, 2016 жылы жұмыспен қамтылған халықтың саны 8 553 4 мың адамға жетті, соның ішінде барлық жұмыспен қамтылған халықтың 3,2% құрайтын 277,6 мың адам тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуға жұмылдырылған.

абсолютті мәнде - 2016 жылы, ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитеті деректеріне сүйенсек, ЖІӨ (өндірістік әдіс) 46,193 млн 380.6 (135 005,2 млн АҚШ доллары) болды.

Тау -кен өнеркәсібінің үлесі абсолюттік мәнде 9 397 619 млн. Теңгені құрады, баасқа сөзбен айтқанда ЖІӨ-нің шамамен 20%.

2016 жылы, мұнай кірістері ЖІӨ-нің 4,9% -ын құрады (салыстыру үшін, 2014 жылы олар күрт төмендеп, 2015 жылы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ЖІӨ-нің 4,7% құрады).

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі
Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі салықтық және салықтық емес түсімдерден, негізгі капиталды сатудан және трансферттерден түскен түсімдерден (мысалы, Ұлттық қордан) құралады.
2016 жылға дейін кірістің негізгі бөлігі салық түсімдерінен қалыптасты:
2013ж. - 3,5 трлн. теңге - 67,8%,
2014г. - 3,66 трлн. Теңге - 62%,
2015г. - 3,32 трлн. теңге - республикалық бюджеттің барлық кірістерінің 54,3% (дамыған елдердің орталық бюджеттеріндегі салық түсімінің үлесі 80-90% құрайды).
Кірістер динамикасы

Бұл өзгерістер салық түсімдерінің сомасы үлестік, сондай-ақ абсолютті мәнде (2016 жылы бекітілген салық түсімдерінің сомасы 3.19 трлн. теңге) азайғанына, трансферттік түсімдердің көбейгенініне байланысты. Трансферттердің үлестік ара салмағы: 2013 жылы - 30,1%, 2014 жылы - 35,6%, 2015 жылы - 42,9%, ал 2016 жылы - республикалық бюджеттің барлық кірістерінің 53,7% -ы құрады.
Салықтық емес түсімдер жалпы ұлттық бюджет түсімдерінің 2%-дан асар аспас бөлігін құрайды, ал негізгі капитал сатудан түскен кіріс, әдетте 0,3% аспайды.

Жалпы алғанда, 2016 жылы жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке 2 619 954 575 мың теңге, немесе жалпы мемлекеттік бюджет кірістерінің 34% төлеген.

Барлық салық және салықтық емес кірістер келесідей бөлінеді: республикалық бюджетке 60%, жергілікті бюджетке 24%, және 15% Ұлттық Қорға аударылады.
Қазақстанның экономикасы өндіруші секторының кірістерінің 80% -ын бес компания қамтамасыз етеді:
мұнай-газ компаниялары
  • «Теңізшевройл» (ТШО)
  • Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (КПО)
  • «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы »АҚ («ҚМГ»ҰК» АҚ)
горнодобывающими
  • Eurasian Resource Group (ERG)
  • KAZ Mineral


Мұнай-газ саласының ең ірі кен орындары
2016 жылы мұнай өндірудің жалпы көлемі 78 млн. тоннаға жетті (жоспар 75,5 млн. тонна). 2017 жылы 81 млн. тоннадан астам мұнай өндіру жоспарланған (Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша). Мұнай өндірудің негізгі өсімі Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, барланған табиғи газ қоры 87%-дан астам бөлігі ірі мұнай-газ ( «Теңіз», «Қашаған», «Королевское», «Жаңажол») және газ-конденсатты («Қарашығанақ», «Имашевское») кен орындарында шоғырланған.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банк деректері бойынша, мұнай секторындағы таза тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) ағынының артуы, өндіріс қуатын кеңейту инвестиция, соның ішінде мұнай өндірісімен (Теңізшевройл және Қарашығанақ) байланысты. Нәтижесінде ТШИ 14,3 млрд. АҚШ долл. дейін немесе ЖІӨ-нің 10,7 пайызына дейін өсті.
Алдыңғы уақыттағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің жоспарлары
Келесі бастамаларды іске асыру арқылы мұнай және газ шығару көлемін ұлғайту:

  • Қашаған өндіріс қуатын арттыру;
  • «Теңіз-Шеврон» болашақта кеңейту жобасы;
  • Қарашығанақта өнім шығаруды арттыру.

Бұл бастамалар 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107 млн. тоннаға, ал газ өндіру көлемін 77 млрд. текше метрге дейін арттыру мүмкіндігін береді.
ФОТОХРОНИКА
ҚАШАҒАН
Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Қазақстанның аса ірі мұнай-газ кен орындарының бірі.
Қашаған кен орны 2000 жылдың 30 маусымында «Восток-1» ұңғымасында табылды. Бұл соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі, сондай-ақ теңіздегі ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады. Шығыс Қашаған 2000 жылдың жазында, Батыс Қашаған – 2001 жылы, Оңтүстік-Батыс Қашаған – 2003 жылы ашылды.

Қашаған кен орнын игеру күрделі геологиялық жағдайларда жүзеге асырылып келеді: қайраңды жер, 5500 м-ге дейін жатыс тереңдігі, жоғары қойнауқат қысымы (80 МПа), мұнай құрамындағы күкіртті сутектің үлесі жоғары (19% дейін) Қашаған кен орнының мұнай қоры 1,5-ден 10,5 млрд. тоннаға дейін жетеді. Оның 1,1-ден 8 миллиард тоннаға дейін кен орынның Шығысында, 2,5 миллиард тонна Батысында, 150 миллион тонна Оңтүстік-Батысында топталған. Қазақстан геологтарының мәліметтері бойынша Қашаған кен орнының геологиялық қоры 4,8 млрд. тоннаға бағаланады. Жоба операторының деректеріне сәйкес жалпы мұнай қоры 38 миллиард баррель немесе 6 млрд тонна, ал соның ішінде өндірілетін қорлар шамамен 10 млрд баррельге бағаланады. Қашағанда табиғи газдың қоры да үлкен: 1 трлн. м3 дейін жетеді.

2016 жылы мұнай секторындағы басты оқиға – көптен күткен Қашағандағы коммерциялық өндірістің басталуы орын алды. Бұған дейін өнеркәсіптік өндірістің басталуы бірнеше рет кейінге қалдырылған еді. Ақырында, 2016 жылдың қазан айында жоба іске қосылып, екі айдың ішінде шамамен 1 млн. тонна мұнай өндірілді.

2016 жылдың 1 қарашасында Қашағандағы мұнай өндірісі коммерциялық деңгейге жетті - күніне 75 мың баррельден астам мұнай өндірілетін болды.

Бүгінде мұнай КҚК құбырымен Новороссийск теңіз портына экспортталады. Газ негізінен Қазақстан халқының қажеттіліктеріне пайдаланылады. Бүгінгі күні, Қашағанда дамыған газ құбырлар желісі бар, сондықтан да өндірілген газды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» құбыры арқылы оңтүстікке және содан кейін Алматыға жеткізуге техникалық мүмкіндіктер бар.

Кен орнындағы мұнай қоры 2,065 миллиард тоннаны, газ - 1,359 триллион текше метрді құрайды
Қазақстан жобадан не алады?

Өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) сәйкес өндірілген мұнай, инвестордың шығындарын өтеу үшін және кен орнын одан әрі дамытуды, яғни инвестиция жасауды ынталандыру қаматамасыз ететін кост-ойл -мұнайға; және инвестордың республикалық бюджетіне аударылатын түсімдерді қалыптастыруды қаматамасыз ететін мұнайдың бөлігі профит-ойл - мұнайға бөлінеді.

Қазақстан салық, бонустар, әлеуметтік шығындар, қызметкерлерді оқыту және өнеркәсіптегі инвестициялар түріндегі пайда көреді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) басталғалы бері мердігер Қазақстанға 1,9 миллиард доллар көлемінде бонустар төледі.

Болжамдарға сүйенсек, ӨБК мерзімінің соңына дейін, мұнай бағасы төмен (барреліне $ 50) болатын жағдайдың өзінде де, мемлекеттік бюджетке $ 25 млрд, ал барреліне $100 жағдайында 77 миллиард доллар түседі деп күтіледі.

ҚАРАШЫҒАНАҚ
Қазақстанның мұнай және газ конденсаты кен орны, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласының маңында орналасқан
Кен орны 1979 жылы ашылды. Кен орынның бастапқы қорлары газ үшін 1,35 трлн. текше метр және мұнай мен газ конденсаты үшін 1,2 млрд тоннаны құрайды.

Қарашығанақты өнеркәсіптік дамытуды 1980 жылдардың ортасында өндірістік КСРО Газ министрлігінің «Orenburggazprom» өнеркәсіптік бірлестігі бастады. 1989 жылы Министрлік «Газпром» МАҚ болып қайта құрылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан үкіметі «Газпром» МАҚ ынтымақтасудан бас тартып, кен орынды игеру үшін шетелдік серіктестер іздей бастады.

Қазіргі уақытта өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) сәйкес, кен орнын құрамына «Энни» және «Shell» («Би Джи Қарашығанақ Лимитед» 100% еншілес компаниясы арқылы) компаниялары кіретін халықаралық консорциумы дамытып келеді. Аталмыш екі компания Қарашығанақ кен орынның бірлескен операторлары болып табылады, және екеуінің де үлестері 29,25%-ды құрайды. Сәйкесінше «Шеврон» және «ЛУКОЙЛ» компанияларына 18% және 13,5% тиесілі.

2012 жылдың 1 шілдесінен бастап, бірлескен кәсіпорынның құрамына, жобадағы үлесі 10% -ды құрайтын «ҚМГ» ҰК қосылды. Жобаны Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) 2038 жылға дейін басқарады деп жоспарланып отыр.

2017 жылы, Қарашығанақ кен орнында 11,8 млн. тонна мұнай және 18 млрд. текше метр M3 газ өндіріледі деп күтіледі.
ӨБК бойынша сұрақтар. 2016 жылдың наурызында Қазақстан «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» консорциумынан, Өнiмдi бөлу келісімін (ӨБК) әділетсіз талдап, соның нәтижесінде Қазақстан Қарашығанақ мұнайын сатудан түскен пайданы түгел ала алмайтын болғандықтан, шамамен 1,6 млрд АҚШ доллары төленсін деп талап еткені белгілі болды. Шағым сомасы ӨБК қатысушыларының бірі - «ЛУКОЙЛ» ресейлік компаниясының қаржылық есебіне енгізілген.

2016 жылдың маусымында Financial Times басылымы дауды реттеу үшін КПО Қазақстанға шамамен 300 млн. АҚШ долларын төлеуді ұсынды деп хабарлады. Қазақстан бұл ұсынысты қабылдамады.

Қараша айында, Қазақстан арбитражға шағымданғанына қарамастан, консорциуммен келіссөздерді жалғастырды. Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев инвесторлар әлдеқашан Қарашығанақ кен орнына жұмсаған инвестицияларының орнын толтырып алғанын атап өтті. «Біз өз ұстанымдарымызды соңына дейін қорғайтын боламыз. Біз ӨБК өзгертуді көздеген жоқпыз, тек келісімнің белгілі жолмен талданғанын талап етеміз. Егер инвесторлар басқаша ойлайтын болса, онда шындықты соттан іздеу керек. Инвесторлардың ұсыныстары республиканы қанағаттандырған жағдайда, біз арбитраждағы шағымымызды қайтарып алуымыз мүмкін».


ТЕҢІЗ
Атырау облысындағы аса ірі мұнай кен орны. Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта орналасқан
Кен орны 1979 жылы ашылды. Кен өндіру орталығы Құлсары кенті болып табылады. Көмірсутегі шөгінділері 3,8 - 5,4 км тереңдікте орналасқан. Теңіз кен орнының жалпы барланған қоры шамамен 3,2 млрд тоннаны (25,5 млрд баррель) және Королев кен орнында 200 млн тоннаны (1,6 миллиард баррель) құрайды. Теңіз және Королев кен орындарының өндірілетін мұнай қорлары 890 млн. тоннадан 1,37 млрд тоннаға дейін (7.1 - 10,9 млрд баррель) жетеді.

1993 жылы Қазақстан Үкіметі «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып ЖШС Бірлескен Кәсіпорыны«Теңізшевройлды» құрды. Бүгінгі күні, серіктестер қатарында: АҚ «ҰК» ҚМГ» (20%),Шеврон Оверсиз «(50%), «ЭксонМобил Қазақстан Инк» корпорацияның филиалы (25%) және «ЛукАрко» (5%) .

Қазіргі уақытта Теңіз кен орнында 27 млн. тонна жеңіл мұнай өндіріледі. 2016 жылы үшінші буын зауыты құрылысы басталды. Құрылыс аяқталғаннан кейін Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру жылына 39 млн. тоннаға жетеді.
Қазақстанның ірі тау-кен-металлургиялық кешенінің кәсіпорындары

ERG «Eurasian Resources Group (бұған дейін ENRC)
интеграцияланған өндіруші, өңдеуші, энергетикалық және логистикалық кәсіпорындары бар минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу бойынша әлемдегі жетекші топтардың бірі,. Люксембургте тіркелген компания «Eurasian Resources Group S.a.r.l.» (ERG), 2014 жылы, компания өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінгі таңда феррохромның ірі өндірушісі және әлемдегі темір рудалары мен алюминий тоғының негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады
Компания үшін Қазақстан Республикасындағы активтер әрдайым маңызды болып табылады. ERG бүгін шамамен қазақстандық металдардың және тау-кен өнеркәсібінің үштен бір бөлігін шығарады. Бұл сондай-ақ елдегі электр энергиясының негізгі жеткізушісі болып табылады. АҚ «ТНК» Қазхром «АҚ,» Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі «АҚ», Топтың республикадағы негізгі активтеріне «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» (АҚ ҚЭЗ), «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Шұбаркөл көмір» және «ТрансКом» көлік тобы кіреді.

KAZ Minerals (бұған дейін ЖШС «Қазахмыс Корпорациясы»)
Қызметі тау-кен өндіруден бастап сатылатын металды өндіруге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын толыққанды интеграцияланған компания. Компанияның негізгі қызметі - мыс өндіру және сату. Мыс шығару қондырғысы сонымен қатар мырыш, күміс және алтын тәрізді қосалқы өнімдер ретінде басқа металдарды үлкен көлемде шығарады.
Компанияны қайта құру аяқталғаннан кейін Қазахмыс Корпорациясы KAZ Minerals деп өзгертілді. Топтың құрамына Шығыс бөлігінің тау-кен өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары, Қырғызстандағы Бозымчак тау-кен комбинаты және ірі үш жоба («Бозшакөл», «Ақтоғай» және «Көксай») кірді. 2015 жылы Топтың кірісі $ 665 млн құрады (81 мың тонна катодты мыс, 94 мың тонна концентраттағы мырыш, түйіршіктегі 3,135 миллион унция күміс және 35 мың унция алтын).

2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша KAZ Minerals компаниясының нарықтық капитализациясы 2,0 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстандағы ӨСАБ
_______________________________________________________________________

Қазақстан қалайша әлемнің ең дамыған елдерінің көбі қосылмаған, тағы да бір халықаралық бастамаға қосылды?
Бұл әрекетті орындау үшін, әрине, 2005 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси еркі қажет болды.

Қазақстандағы ӨСАБ-ның құқықтық базасының дамуын бағалай отырып, осы жолдың ұзақ және қиын болғаны туралы қорытынды жасауға болады.

Осы жолдағы алғашқы қадам ретінде 2005 жылы үкімет, компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар және Парламент арасындағы тараптардың өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойылғаны жатады. Бірақ, шын мәнісінде меморандум – жай ғана келісім-шарт болып табылса, ал оны орындау – оған қол қойған тараптардың жауапкершілігі болып табылады. Ал қалғандары туралы не деуге болады? Өйткені, Меморандумға барлық дерлік компаниялар қол қойған жоқ еді.

Бұл мәселе 2010 жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа заң қабылданғаннан кейін шешілді. Осы кезден бастап заңның 72-бабына (6 тармағы) сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасында Өндіруші салалардың ашықтық бастамасын жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын орындау міндетін артты.
Бұл БАРЛЫҚ жер қойнауын пайдаланушылардың (жер асты сулары және кең таралған пайдалы қазбалар туралы келісім-шарттарды қоспағанда) Меморандумның талаптарын орындауға тиіс екендігін білдіреді.
Заңнамалық деңгейде Өндіруші Салалардың Ашықтық Бастамасын жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумының шарттарына сәйкес халықаралық стандарттарға сәйкес аудитпен расталған елдің бюджетіне салық және басқа да төлемдер туралы есеп берудің нормативтік-құқықтық базасы бекітілді.
ӨСАБ-ты (ережелер мен стандарт)шарттарын орындау, мемлекеттен және белгілі бір шығындарды талап етеді. Осыған байланысты «Қазақстанда ӨСАБ-сын іске асыру» деп аталатын арнайы республикалық бюджеттік бағдарлама (029) қабылданды.
Осы сәттен бастап Қазақстанда бастаманы орындауға байланысты сұрақтарын шешуге бағытталған қаржыландыру бөлу мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, жыл сайын мемлекеттік бюджеттен ӨСАБ бойынша ұлттық есеп дайындап шығару үшін қаражат бөлінетін болды. Аталмыш есепті мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде, тәуелсіз аудиторлық компаниясы дайындауы керек..

ӨСАБ қатысы бар адамдар қоғамдастығы, Өндіруші салалардың ашықтық бастамасы олардың әрқайсысына БІЛУ мүмкіндігін бергенін айтты

Бүгін таңда кез-келген адам, осыған дейін құпия ретінде қабылданған ақпаратқа қол жеткізе алады.

Мысалы http://eiti.geology.gov.kz/ru/national-reports сілтемесі арқылы келесі ақпаратты алуға болады:
  • Бүкіл ел аумағында және әрбір жеке аймақта қандай өндіруші компаниялар жұмыс істейді;
  • · Олар не шығарады;
  • Бюджетке (орталық және жергілікті, сондай-ақ Ұлттық Қорға) қанша салықтар мен басқа да төлемдер аударылады
Егер де бұл ақпарат нақты және тар қоғамдастыққа қызықты болса, төмендегі ақпарат кеңірек аудиторияны қызықтыруы мүмкін.

Ұлттық баяндамалардан, дәлірек айтқанда немесе олардың қосымшаларынан, еліміздің әрбір азаматы,:

Аймақта жұмыс істейтін тау-кен компаниясы қандай іс-шараларға (яғни, жобалар, бағдарламалар немесе әлеуметтік нысан құрылысы) қай көлемде, қандай қаражат бөлгені турлы біле алады.

Мысалы, егер сіз 3-2-қосымшаға қарасаңыз, БАРЛЫҚ аймақтар қимасында әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындардың жиынтық есебін көре аласыз
http://eiti.geology.gov.kz/kz/national-reports

Қазақстанның өңірлерінде жыл сайын жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жобалары бойынша қоғамдық пікірталастар өткізіледі. Осындай қоғамдық талқылаулар барысында әкімшіліктер әлеуметтік төлемдердің көлемі мен мақсаттары жайында, сондай-ақ бөлінген қаражат қалай жұмсалатыны туралы есеп береді.

Аймақтардағы жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың әлеуметтік жобаларын қоғамдық талқылаулары туралы ақпаратты мына жерден табуға болады: http://eiti.geology.gov.kz/ru/about-us/meetings-in-akimats
Осылайша, біздің әрқайсымыз қазір қандай нысандар салынып, жөндеуден өткенін немесе жер қойнауын пайдаланушы компанияларының көмегімен сатып алынғандығын біле аламыз.
Журналистер, экологтар, студенттер, үкіметтік емес ұйымдар, және де қарапайым бей-жай емес адамдар – жер қойнауын пайдаланушы компаниялар қоршаған ортаны қорғау саласында қандай шаралар жүзеге асыратыны туралы білгісі келеді. Енді, Ұлттық баяндаманың 5-қосымшасын (http://eiti.geology.gov.kz/ru/national-reports) қарасаңыз, жер қойнауын пайдаланушы компанияларының тазарту құрылғыларына, жер қойнауын ластануы мониторингіне, әлеуметтік салаға, мамандарды даярлауға жұмсалған ақша сомасын тұтас көре аласыз.

Аталмыш қосымша бізге компаниялардың 206114 «Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттары» деп аталатын арнайы облыстық бюджеттік коды аясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлген сомаларын көрсетеді.

Барлық жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттардың әлеуметтік инвестицияларға қатысты өз міндеттемелерін орындау үшін қаражатты 206114 бюджеттік сыныптама кодына (БСК) аударады. Жер қойнауын пайдаланушылардың, ӨСАБ жүзеге асыру шеңберінде, аймақтардың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталған аударымдарына бірыңғай есеп жүргізу үшін және жергілікті атқарушы органдардың одан әрі пайдалануын қамтамасыз ету үшін, ҚР Инвестиция және даму министрлігі, Қаржы алушы және қаржыландыру көзін көрсетіп тұратын, деректерді ұсынудың ортақ пішімін әзірледі.
Ұсынылатын деректерге арнлаған 3 Қосымшада келтірілген пішімдер ҚР Жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі -БМБЖ) енгізілді. Осы есептерде жер қойнауын пайдаланушылар әкімшіліктерімен бітімдескен Меморандум, келісімшарттар, әлеуметтік әріптестік туралы келісімшарттар аясындағы белгілі бір әлеуметтік жоба, бағдарлама шеңберіндегі қаражатты қайда жібергенін онлайн режимінде көрсетеді.

Компаниялар бойынша 206114 бюджеттік сыныптама кодына (БСК) өңірлерді әлеуметтік дамытуға бөлінген қаражат туралы ӨСАБ есептері БМБЖ сайтында http://egsu.energo.gov.kz «Жарияланған есептер» бөлімінде онлайн тәртібінде қолжетімді, осы есептер арқылы әлеуметтік шығындардың ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Ел бюджетінің жалпы көлемінде кен өндіруші кәсіпорындарының табыстары шамамен 35-40% құрайды.
Өндіруші компаниялардың жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігіне қосқан үлесі жиі олардың қаржылық негізі болып табылады, сондай-ақ даму мүмкіндігін береді. Мысалы, 2015г. кен өндіруші компаниялар республикалық бюджетке және Ұлттық қорға салық түрінд жасаған төлемдерден бөлек, жергілікті бюджетке 265 миллиард теңгеден астам қаражат аударған.
Каламкас

Сарапшы емес адамның өзі Ұлттық Есеппен біраз уақыт жұмыс істегеннен кейін, өндіруші компаниялардың өз аймағының бюджетіне қандай көлемде қаражат аударғанын көре алады. Қазірдің өзінде бар мүмкіндіктерден бөлек, Қазақстан әрқайсымызға қосымша ақпарат беруге дайын. Осылайша, 2017 жылдың соңына қарай күшіне енген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасында бенефициарлық құқық мәселелері ескерілген.


__________________________________________
Атап айтқанда, оның жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізу жайындағы 6-бабы көмірсутегі шикізаты немесе қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама басқаратын тұлға, шет мемлекет және халықаралық ұйым туралы ақпарат береді
Каражанбас
Осылайша, жақында
Әр адам келесі ақпаратты біле алады
  • кен өндіру компанияларына қатысу құқығының жиырма бес пайызы кімге тиесілі

  • дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы дауыс беруге кім құқылы

  • ол кен өндіру компанияларының шешімдерін анықтауға кім құқылы
© MEDIANET халықаралық журналистика орталығы
Made on
Tilda